Контентке өту

Димаш Құдайберген: «Қыздың тағдырын бұзып алудан қорқамын» - неге үйленбей жүргенін айтты

Димаш Құдайберген: «Қыздың тағдырын бұзып алудан қорқамын» - неге үйленбей жүргенін айтты
ашық дерек

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада өткен форумда жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап беріп, неке мен отбасы туралы көзқарасын ашық айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесінің сөзінше, “Қашан үйленесің?” деген сұрақты ол Қазақстанға келген сайын естиді. Әуежайдағы қызметкерлерден бастап, жақындары мен достарына дейін осы тақырыпты жиі қозғайды.

Алайда әнші бұл мәселеге жеңіл қарамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, өмірлік серік таңдау — үлкен жауапкершілік.

“Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қазір сезімге еріп, қыз баланың тағдырын бұзып алуым мүмкін — мен содан қорқамын”, – деді ол.

Димаш Құдайберген әйел затына деген құрмет оның басты ұстанымдарының бірі екенін атап өтті. Ол отбасы құрған соң, жұбайымен өмірдің соңына дейін бірге болып, шынайы бақытқа жетуді мақсат ететінін айтты.

Сондай-ақ әнші қоғамдағы өзекті мәселеге де тоқталып, қазақстандықтарды қыз-келіншектерге қамқорлықпен қарауға шақырды. Оның пікірінше, нағыз ер азаматтық — әйелдерді құрметтеп, қорғаудан көрінеді.

Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында қолдау тауып, көпшіліктің жылы пікіріне ие болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты