Әнші Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жазба жариялап, тыңдармандарының қызығушылығын оятты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі жақын арада таныстыратын жаңа жобалар қарсаңында режиссер досы Ғалым Асылов түсіріп жатқан фильмнің түсірілім алаңына барғанын айтты.
- Жақын арада таныстыратын жаңа жобалар қарсаңында, досым Ғалым Асылов түсіріп жатқан фильмнің түсірілім алаңына баруды жөн көрдім. Ол соңғы жылдары менің бірнеше музыкалық бейнебаянымды түсіріп, көрермендердің ықыласына бөленген болатын. Бүкіл түсірілім тобына табыс пен сәттілік тілеймін, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Димаш Ғалым Асыловты өзінің ең сүйікті режиссерлерінің бірі екенін атап өтті.
- Қазір бауырым әрі досым толықметражды көркем фильм түсіріп жатыр. Жуырда туынды кинотеатрларда көрерменге жол тартады. Фильм «Таймас» деп аталады. Осы маңызды жобамен құттықтаймын, – деді ол.
Әншінің жанкүйерлері әлеуметтік желіде жаңа жобаны асыға күтетіндерін айтып, жылы лебіздері мен қолдауларын білдірді.