Контентке өту

«DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА»: Димаш Құдайберген арнап кітап шығарылды

«DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА»: Димаш Құдайберген арнап кітап шығарылды
ашық дерек

Астанада Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы бір мәрте тәнті еткен ерекше кеш өтті. Бұл жолы сахна емес — кітап әлемі дүр сілкінді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

2026 жылдың 22 сәуірінде елордадағы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы қабырғасында «DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА» атты кітап-альбомның ресми таныстырылымы өтті. Шара ASTANA Eurasian Book Fair аясында ұйымдастырылып, өнер мен әдебиетті тоғыстырған ауқымды мәдени оқиғаға айналды.

Кешке Димаштың командасы атынан DimashNews бас редакторы Анель Нысанбаева қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған адал жанкүйерлер - Dears ерекше атмосфера қалыптастырды. Зал толы фанаттар сүйікті әртісіне деген құрметін осылай білдірді.

Сахналық бөлім де назардан тыс қалмады. Жас өнерпаздар Димаштың репертуарындағы хит әндерді орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, «Тау ішінде» мен «Ұмытылмас күн» әндері кештің ең әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Жаңа кітап-альбом Алматыкітап баспасы мен DimashAli бірлесуімен жарық көрген. Басылымда Димаштың әлемдік сахнаға дейінгі жолы, шығармашылық эволюциясы және оның феномені жан-жақты қамтылған.

Бұл кеш тек таныстырылым емес — Димаш феноменінің тағы бір дәлелі болды. Оның өнері енді тек сахнада емес, кітап беттерінде де өмір сүріп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты