Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде отбасындағы жағымды жаңалығымен бөлісті. Оның айтуынша, ұлы жақын арада үйленбек, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Осы маңызды кезеңге орай жүргізуші болашақ құдаларымен кездесіп, қазақы дәстүрге сай «тәтті шай» рәсімін ұйымдастырған. Бұл – екі жақтың ресми танысып, құдалық байланысын бекітетін ерекше басқосу.
Динара Сәтжан желіде сол сәттен әсерлі суреттер жариялап, болашақ келінін де көпшілікке таныстырды. Ол келіні туралы жылы пікір білдіріп, өзіне ұқсайтынын атап өтті.
Айта кетейік, қазақ дәстүрінде «тәтті шай» – алдағы тойдың бастауы саналатын маңызды рәсімдердің бірі. Мұндай кездесулер екі отбасының жақындасуына, өзара сыйластық орнатуына жол ашады.
Желі қолданушылары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, жас жұпқа бақыт тілеп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.