Контентке өту

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді. 

Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты