Контентке өту

«Екі жақты түсінуді үйрендім»: Тәуекел Мүслім анасы мен әйелі арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

«Екі жақты түсінуді үйрендім»: Тәуекел Мүслім анасы мен әйелі арасындағы қарым-қатынас туралы айтты
ашық дерек

Қазақстандық актер Тәуекел Мүслім Zamandas подкастына берген сұхбатында отбасылық өмірі жайлы ашық әңгіме айтып, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актер анасы мен жары арасындағы кейбір түсініспеушіліктерге де тоқталып, бір кезеңде әйелі үшін қорған болуға тырысқан кезде анасының ренжігенін жеткізді.

Оның айтуынша, бастапқыда жағдайға тек өз көзқарасымен қарап келген. Алайда уақыт өте келе екі тарапты да дұрыс түсінуге тырысқанын айтты.

«Бұрын тек бір жақтың эмоциясын көбірек түсінетінмін. Кейін анамның да, әйелімнің де көңіл күйін, ойын түсінуге тырыстым», – деген мағынада пікір білдірді актер.

Қазіргі таңда Тәуекел Мүслім анасы мен жары арасындағы байланысты дұрыс қалыптастыруға күш салып жүргенін айтып, мұндай жағдайда ер адамға сабыр мен шыдамдылық аса қажет екенін ерекше атап өтті.

Желі қолданушылары актердің шынайы әңгімесін қызу талқылап, көптеген отбасында кездесетін жағдайды ашық айтқаны үшін қолдау білдіріп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты