Forbes Kazakhstan 44 жасқа толмаған ең бай қазақстандық бизнесмендердің жаңа тізімін жариялады. Рейтингке елге танымал кәсіпкерлер мен ірі компания иелері енген, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Тізімдегі көпшілікке таныс есімдердің бірі – Нұралы Әлиев. 41 жастағы кәсіпкердің байлығы 280 миллион доллар деп бағаланған. Экс-президенттің немересі Дубайдағы Donatello Hotels and Resorts және Алматыдағы Donatello Boutique Hotel қонақүйлерінің иесі ретінде белгілі.
Рейтингте сондай-ақ Айжан Есім де бар. 44 жастағы кәсіпкер – бұрынғы Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы. Forbes мәліметінше, оның активтері 207 миллион долларға бағаланған. Байлығының басым бөлігі “Қазфосфаттағы” үлесін сатудан түскен.
Ал 35 жастағы Шахмұрат Мұтәліп елдегі ең жас миллионер атанды. Оның есімі Integra Construction KZ компаниясымен байланысты. Кәсіпкер биыл Forbes тізіміне алғаш рет еніп, бірден 22-орынға жайғасқан. Оның байлығы 482 миллион долларға бағаланған.
Forbes Kazakhstan рейтингі Қазақстандағы жас әрі табысты кәсіпкерлердің қаржылық әлеуетін көрсететін маңызды тізімдердің бірі саналады.