Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.
Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.