Желіде Жузефина атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева блогер Айй мен әнші Әділдің отбасына қатысты ашық пікір білдіріп, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жузефинаның айтуынша, ол Аййдың қызы дүниеге келгенде ерекше қуанып, қолдан келген көмегін аямаған.
«Қыз болатынын алдын ала айтқанмын. Туылғанда қатты қуандым. Әпкесі ретінде барып, уәде еткен сыйлықтарымды апардым», – дейді блогер.Оның сөзінше, ол отбасының қуанышына ортақтасып, барынша қолдау көрсеткен.
Алайда блогердің айтуынша, өз туған күнінде ол күтпеген жағдайға тап болған. Айй мен Әділдің оған жасаған сыйлығы көңілінен шықпаған.
«Маған туған күніме келгенде ең арзан кроссовки сыйлады. Мен оны тіпті кимедім. Менің Gucci заттарым тұрғанда... Егер ақшаларың жоқ болса, солай айтыңдар, бірақ өтірік “уау” болып көрінудің қажеті жоқ», – деп ашық айтты ол.
«Дастархан бөліспей-ақ қояйық»
Жузефина олардың әрекетін «иттік» деп бағалап, арадағы қарым-қатынасқа нүкте қойғанын жеткізді.«Сені жақсы көреміз дегенде, “қойыңдаршы” дедім. Дастархан бөліспей-ақ қояйық дедім. Басқа айтарым жоқ», – деді блогер.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі Жузефинаны қолдап, оның ренішін түсінсе, енді бірі мұндай мәселелерді жария етуді орынсыз деп санайды.Қалай болғанда да, блогерлер арасындағы бұл жағдай тағы да шоу-бизнес өкілдерінің қарым-қатынасы көпшілік назарында екенін көрсетті.