Контентке өту

«Еңбегі еленбей келеді»: Ғалым Баян Алагөзованың әкесі жайлы айтты

«Еңбегі еленбей келеді»: Ғалым Баян Алагөзованың әкесі жайлы айтты
ашық дерек

Фольклортанушы ғалым Берік Жүсіпов қоғамда қызу талқыланған «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты жағдайға пікір білдіріп, Баян Алагөзованы жақтауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ғалымның айтуынша, оның бұл ұстанымына Баянның әкесі — Мақсат Мұхитденовтің тұлғасы тікелей әсер еткен. Ол Мұхитденовті түркология мен эпостану саласында елеулі еңбек қалдырған сирек оқымысты ретінде жоғары бағалады.

Берік Жүсіпов әлеуметтік желідегі жазбасында кейбір қолданушылардың оны «біреудің сөзін сөйлеп отыр» деп сынағанын да атап өтті. Дегенмен, ол Баян Алагөзованы жеке танымайтынын, тек оның әкесін жақсы білетінін жеткізді.

Ғалымның сөзінше, Мақсат Мұхитденов қазақ руханиятына үлкен үлес қосқан тұлға болған. Әсіресе, дәстүрлі ән, күй, жыр мұраларын таспалап, сақтап қалудағы еңбегі ерекше. Бұл бағытта ол замандасы Әлім Байғаринмен бірге ауқымды жұмыс атқарған.

Сонымен қатар, Жүсіпов қазіргі қоғамда мұндай жанкешті тұлғалардың еңбегі лайықты бағаланбай отырғанын қынжыла айтты. Оның пікірінше, Баян Алагөзованың ұлттық мұраға деген көзқарасы мен кейбір әрекеттері әкесінен дарыған қасиет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қыз Жібек фильміндегі әйгілі камзолдың Баян Алагөзованың қолына түскені белгілі болып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бұл камзолды фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешева киген.

Аталған жағдайға байланысты Қазақфильм киностудиясы қорында камзолдың бір ғана түпнұсқасы сақталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта екінші камзолдың жеке тұлға қолына қалай түскені анықталып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты