Желіде Жузефина атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева Анна Данченконың YouTube арнасына берген сұхбатында жаңа продюсері мен жеке өміріне қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Барлық нүктені Ғазизхан қояды»
Сұхбат барысында блогер қазіргі таңда продюсері Ғазизхан Шкербеков екенін айтып, кәсіби командамен жұмыс істеп жатқанын жеткізді.Оның сөзінше, шығармашылық жұмыстар қаңтар айынан бері жүріп жатыр және барлық әндер мен жобаларға соңғы бағаны продюсер береді.
«Барлық нәрсенің нүктесін Ғазизхан қояды. Үлкен, кәсіби командамыз бар. Қаңтардан бастап жұмыс істеп келеміз. Дайын болғанда ғана апарамыз, себебі оны ұстай алмайсың», – деді Жузефина әзілмен.
Тайландтағы таныстық және әзілге толы әңгіме
Анна Данченко блогерден продюсерімен қалай танысқанын сұрағанда, Жузефина күтпеген жерден Тайландта танысқанын айтты. Бұл жауап эфирде әзіл-қалжыңға ұласты.
Жүргізуші «тағы бірдеңе ішіп отырып таныстыңыздар ма?» деп күліп сұраса, блогер де әңгімеге жеңіл юмормен жауап берді. Тіпті «қымызды да табамыз» деп әзілдеген сәттер көрермен назарын аударды.
«Интрига везде болу керек»
Жузефина сұхбат барысында әлеуметтік желідегі жазбасына да тоқталып өтті. Онда ол:
«Теперь колоду я раздаю, моя правила. Удобный Жузи не будет. Какой привет – такой ответ. Ждите, айналайындар, дұғада болыңыздар», – деп жазған.
Бұл сөздер желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Психологиялық ойын және «жүрек» таңдауы
Эфир барысында Анна Данченко психологиялық ойын ұсынып, арнайы карталардың бірін таңдауды сұраған. Жузефина ойланбастан жүрек белгісі бар, 5 саны түскен картаны таңдаған.
Жүргізуші оның бұл таңдауы мейірімді, бірақ ішкі толғанысы бар адам екенін білдіретінін атап өтті. Сонымен қатар, «өте мейірімді болып өскеніңіз байқалады, бірақ қобалжу да бар» деген пікір білдірді.Сұхбат барысында блогер өзінің өмірінде жалғыздық сезімін бастан өткергенін де жасырмады. Ал жүргізуші оның психологиялық тұрғыда дайындалып келгенін, бірақ толқу күлкісінен байқалатынын айтты.Жузефинаның бұл сұхбаты оның өміріндегі жаңа кезең басталғанын аңғартқандай. Жаңа продюсер, жаңа команда және өзгерген көзқарас – блогердің алдағы уақытта тың жобалармен шығатынын меңзейді.