Контентке өту

«Енді мұнымен қалай өмір сүремін?»: Баян Мақсатқызы сүйікті жемісінен бас тартуға мәжбүр болды

«Енді мұнымен қалай өмір сүремін?»: Баян Мақсатқызы сүйікті жемісінен бас тартуға мәжбүр болды
ашық дерек

Продюсер Баян Мақсатқызы өзінің ең сүйікті жемісі – алманы енді жей алмайтынын айтып, оқырмандарына мұңын шақты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, жақында дәрігерлерден алмаға аллергиясы бар екенін анықтаған. Осыған байланысты оған жемісті жеуге қатаң тыйым салынған.

«Бұл – менің ең сүйікті жемісім. Жақында ғана алмаға аллергиям бар екенін анықтадым. Алма – өмірімнің қорқынышты түсі сияқты. Мен өмір бойы күн сайын кем дегенде бес-алты алма жейтінмін. Үстелде алма болмаса, мен үшін тамақ жоқ деген сөз. Енді мұнымен қалай өмір сүремін, айтыңыздаршы? Қазір оларға қарап отырмын, жылағым келіп тұр… Маған алма жеуге қатаң тыйым салды», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Продюсер өзіне ең ұнайтын алма сұртының бірі – «лимонка» екенін де атап өтті. Тіпті сүйікті жемісінен біржола бас тарту қиын болып жатқанын әзілмен жеткізді.

«Ал мынау – менің ең жақсы көретін сұрпым – лимонка. Бүгін бір алманы сөмкеме салып алып, тек иіскеп жүрдім», – деді ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты