Контентке өту

Енді шетелдік университеттер қазақ тілі мен Қазақстан тарихын оқытады

Енді шетелдік университеттер қазақ тілі мен Қазақстан тарихын оқытады
ашық дерек

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары енді "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқытуға тиіс болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Депутаттың айтуынша, аталған норма Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен қабылданған. Жаңа талап "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына енгізілген.

Заң жобасында шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары Қазақстанның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан төмен емес сапада білім беруі тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар олар "Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқытуы қажет болады.

Мәжілісменнің сөзінше, бұл норманы қамтитын заң жобасы жақын уақытта Мәжілісте екінші оқылымға шығарылады.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше шетелдік университеттің филиалы ашылып, халықаралық білім беру бағдарламалары кеңейіп келеді. Жаңа талап аталған оқу орындарында ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілді оқытуға басымдық беруді көздейді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты