Өзбекстандық әйгілі әнші Шахзода отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі үлкен ұлы Салихтың үйленгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің айтуынша, бұл күн – отбасы үшін ерекше әрі көптен күткен сәттердің бірі болған. Салтанатты той жоғары деңгейде өтіп, оған жақындары мен өнердегі әріптестері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар жиналған.
Қуанышты жаңалық желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады. Жанкүйерлер әншіні құттықтап, жас жұбайларға бақыт пен береке тіледі.
Айта кетейік, Шахзода – өзбек эстрадасындағы танымал әншілердің бірі. Ол шығармашылығымен қатар, отбасы құндылықтарын насихаттап келеді.