Контентке өту

Ерболат Жанәбіл мен Эльмира Төлеген амнистияға ілігуі мүмкін

Ерболат Жанәбіл мен Эльмира Төлеген амнистияға ілігуі мүмкін
ашық дерек

Блогерлер Ерболат Жанәбіл мен Эльмира Төлеген амнистияға ілігуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділ мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, егер блогерлер келтірілген материалдық шығынды толық өтесе, амнистия талаптарына сәйкес жеңілдікке ілігу мүмкіндігі бар.

«Блогерлер шығынды толық өтесе, амнистияға іліге алады», – деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, сот үкімімен Ерболат Жанәбіл екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылса, Эльмира Төлеген екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Алайда ерлі-зайыптының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Эльмира Төлегеннің жаза өтеу мерзімі екі жылға кейінге шегерілген.

Қазіргі уақытта олардың амнистияға ілігу мәселесі заң талаптарына сәйкес қарастырылуы мүмкін

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты