Контентке өту

Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады

Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады
ашық дерек

Атақты ММА спортшысы әрі блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерден спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтаған.

Іс материалдарын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Сот Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде спортшыға 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осылайша әлеуметтік желідегі бейәдеп сөздері үшін Еркебұлан Тоқтар әкімшілік жазаға тартылды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты