Әлеуметтік желіде өзін әнші Еркеш Хасеннің бұрынғы жары Айгерімнің жақын құрбысы ретінде таныстырған желі қолданушысының жазбасы қызу талқылануда, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Ол Threads желісінде жариялаған жазбасында Еркеш Хасен мен Айгерімнің отбасылық өміріне қатысты өз пікірін білдіріп, көптен бері үнсіз жүргенін айтты.
«Еркештің бірінші келіншегі Айгерімнің жақын құрбыларының бірі боламын. Ақыры шу шығып жатыр екен, үндемей қоя алмадым», – деп жазды автор.
Оның сөзінше, Еркеш пен Айгерім ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, отбасы ретінде көп қиындықты бірге еңсерген. Жазба авторы әншінің шығармашылық жолында Айгерімнің қолдауы зор болғанын алға тартқан.
Сондай-ақ ол Еркеш Хасеннің танымалдылығы арта бастаған кезеңде жұбайының қолдау көрсеткенін, отбасының бірге үй алып, болашаққа жоспар құрғанын айтқан.
«Айгеріммен жақын құрбы болған соң жиі араласамыз. Жиі хабарласып, шарасыз күндері мен түндері өтті. Жүрек құрғыр сыздайды», – деп жазды ол.
Желі қолданушысы жазбасында Айгерімнің басынан өткен қиын кезеңдер туралы да сөз қозғап, оның барлық сынаққа сабырмен төтеп бергенін атап өтті.
Аталған жазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды. Бірқатар қолданушылар автордың пікірін қолдаса, енді бірі отбасы мәселесіне сырт адамдардың араласуын дұрыс емес деп бағалауда.
Айта кетейік, бұған дейін актриса Жанель Серғазина сұхбаттарының бірінде Еркеш Хасенмен танысқан кезде оның ажырасқан әрі басы бос адам болғанын айтқан еді. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде әншінің бұрынғы және қазіргі отбасы төңірегіндегі талқылаулар қайта күшейді.