Контентке өту

Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін Шүлбі су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су жіберілді

Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін Шүлбі су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су жіберілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын аяқтады. Бұл шара Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мен қолдауға бағытталған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

27 тәулікке созылған су жіберу кезеңінің қорытындысы бойынша су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су ағызылды. Оның ішінде ең жоғары көлемі 8 тәулік бойы жіберілді. Оның көлемі – секундына 3400-3500 текше метр.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында Ертіс өзенінің жайылма алқаптарын суландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде суландырылған аумақ көлемі 257,2 мың гектарға жетіп, жалпы жоспарланған аумақтың шамамен 76 пайызын құрады.

«Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Бұл балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасауға, жайылма алқаптарды суландыруға және Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығының мал азығы қорын сақтауға мүмкіндік береді», - деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты