Алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге жоспарланған. Бұл туралы мәлімет "Сот кабинеті" ақпараттық жүйесінде жарияланған.
Айта кетейік, аталған іс бұрын бірнеше мәрте түрлі себептерге байланысты кейінге шегерілген болатын.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қаралып жатыр. Істі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім шығарған судья Айжан Күлбаева жүргізеді.
Еске салсақ, Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні көз жұмған. Полиция дерегінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылғаннан кейін қайтыс болған.