Контентке өту

«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін арнады

«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін арнады
ашық дерек

Өнер иесі Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында актриса Дариға Бадықоваға деген сезімін білдіріп, жүрекжарды жазба жариялады., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актердің айтуынша, бес жыл ішінде алғаш рет Дариға Бадықовамен бір ай бойы көріспеген. Осы уақыт аралығында ол өз сезімін тереңірек түсінгенін жеткізді.

«Бес жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік. Екеуміз де оңай адам емес екенбіз. Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырды. Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең ғылымды дұрыстап зерттеп алмасам, жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ. Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегенмін? Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», – деп жазды актер.

Ол осылайша Дариға Бадықоваға деген сезімін ашық жеткізді. Актердің жазбасы көпшіліктің назарын аударып, желіде қызу талқыланып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты