Контентке өту

Ғазиза Әбдінәдиева қоғамдық көліктегі мәдениет туралы айтты

Ғазиза Әбдінәдиева қоғамдық көліктегі мәдениет туралы айтты
ашық дерек

Актриса Ғазиза Әбдінәдиева Алматыдағы қоғамдық көлікте жиі байқайтын жағдай туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, жастар үлкендерге орын бергенімен, кейбір адамдар қарапайым алғыс айтуды да қажет деп санамайды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі мұндай сәттерде үлкендердің де мәдениетті болып, жастарға жылы қарым-қатынас көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

 «Кейде жастар орын берсе де, рахмет айтпайтындар бар. Оны міндет сияқты қабылдайды», — деген актриса адамдарды қарапайым болуға шақырды.

Желі қолданушылары актрисаның пікірін қолдап, қоғамдық ортадағы сыйластық пен мәдениет екі жаққа да ортақ болуы керек екенін жарыса жазуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты