Контентке өту

Гимнаст Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Гимнаст Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.

Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты