Қазақстандық әнші Гүлмира Ізбасхан сұхбат барысында жеке өміріне қатысты ашық пікір білдіріп, өз ұстанымын жасырмай жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі «еркекке ұқсайсың» деген пікірлерге жауап беріп, өзінің тәрбиесі мен көзқарасы туралы айтты. Оның сөзінше, ол дәстүрлі құндылықтарды ұстанады және бұл бағытта өз принциптерінен айнымайды.
Сондай-ақ әнші қазіргі қыздардың өмір салты мен бұрынғы тәрбиені салыстырып, айырмашылық бар екенін атап өтті. Ол өз пікірінің бәріне бірдей ұнамауы мүмкін екенін де жасырмады.
Айта кетейік, Гүлмира Ізбасхан бұл мәлімдемесін сұхбат барысында айтып, жеке көзқарасын ашық жеткізген.