«OZMZ ғой» бағдарламасында Hulan-Aru лақап атымен танылған Аружан Бекболат продюсерінің талабын орындамағаны үшін айыппұл төлегенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ол спортзалға бармай қойғаны үшін 50 мың теңге штраф төлеген.
«Штраф төледім. Спортзалға бармадым. Баян Алагөзованың ерке қызымын. Осы жерден де кешірім сұраймын. Voice жазып жібереді: “Аружан, ходи в спортзал, ты должна быть всегда в форме” дейді», — деп бөлісті Hulan-Aru.
Сондай-ақ ол спортпен айналысқысы келетінін, алайда кейде еркелікке салынып кететінін жасырмады.
«Шын барғым келеді, бірақ сол жағынан еркелеп жүремін ғой. Өзгеремін, сөз беремін», — деді Аружан Бекболат.