Контентке өту

II Халықаралық "Заң мен тәртіп" фотобайқауы басталды

II Халықаралық "Заң мен тәртіп" фотобайқауы басталды

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

     1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі"

     2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар"

     3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады"

Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru

Қатысу талаптары:

  • Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
  • Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
  • Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;

Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты