Кездесуде жастарға референдумның тарихи мәні ерекше атап өтілді. Себебі алғашқы дауыс – бұл тек құқық қана емес, ел болашағына деген жеке жауапкершіліктің көрінісі.
Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, әділетті қоғам қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанын жеткізді.
Жастар өз кезегінде белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Олар алдағы референдумға қатысу – өз болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті.