Контентке өту

Кәмшат, Айдана дайын - Жанарсыз концерт бола ма?

Кәмшат, Айдана дайын - Жанарсыз концерт бола ма?
ашық дерек

КешYou тобының 20 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр. Аталған мерекелік концертке топтың бұрынғы мүшелері Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева барынша дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Көпшілік «алтын құрам» толық жиналуы керек екенін айтып, сахнада Жанар Дұғалованың да болғанын қалайтынын жасырмады.

Әлеуметтік желілерде: «Алтын құрам толық болмаса, әсері де басқа болады», «Жанарсыз бұл концерт толық емес» деген пікірлер жиі жазылуда.

Айта кетейік, «КешYou» тобы қазақ эстрадасындағы ең танымал қыздар топтарының бірі саналады. Әр кезеңде түрлі құрамда өнер көрсеткен ұжымның «алтын құрамы» тыңдармандар үшін әрдайым ерекше орын алады.

Ал сіз қалай ойлайсыз: мерейтойда «алтын құрам» толық жиналуы керек пе?

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты