Контентке өту

Келін орамалы аукционға түсті: Жанболат пен Жазираның тойындағы әрекет сынға қалды

Келін орамалы аукционға түсті: Жанболат пен Жазираның тойындағы әрекет сынға қалды
ашық дерек

Танымал әншілер Жанболат пен Жазира отбасының қуанышты сәті желіде күтпеген талқылауға ұласты. Өнерлі жұп жуырда тұңғыш ұлы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген болатын. Алайда той үстінде болған бір жағдай көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мереке барысында асаба келіннің орамалын аукционға шығарып, оны сатып алуға ұсыныс жасаған. Осы сәтте блогер Ырысбала Икрамбай орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін айтқан. Бірақ бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан бірден сынға ілікті.

Көпшілік мұндай дәстүрдің қазақы танымға қайшы екенін алға тартты. Олардың пікірінше, келіннің орамалы – жай ғана бұйым емес, ол отбасының берекесі мен бақытының белгісі саналады. Сондықтан оны сатуға немесе бөтен адамға беруге болмайды деген пікір басым.

Желіде “бұл жақсы ырым емес”, “орамалды ешкімге бермейді”, “бақ-береке сонымен бірге кетеді” деген сияқты пікірлер жиі жазылды. Кейбір қолданушылар тойдың әдемі басталғанын атап өтіп, мұндай әрекет жалпы әсерді бұзғанын да жасырмады.

Осылайша, қуанышқа толы тойдағы бір сәт ұлттық дәстүр мен заманауи форматтың үйлесімі туралы қызу пікірталасқа себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты