Қазақстандық эстрада жұлдыздары Жанболат Жанабайұлы мен Жазира Байырбекова әулетінде тағы бір қуанышты сәт өтті - олардың келіні Асылдың ұзату тойы дүркіреп өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Салтанатты кеш барысында айтылған тілектердің бірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Тойда сөз алған Кенжебек Жанәбіловтің жары өз сіңілісіне ақыл-кеңесін көпшілік алдында жеткізді. Ол өнер ортасының қиындықтары туралы айтып, жас келінге көп нәрсеге мән бермей, артық сөзге құлақ аспауға кеңес берді.
Алайда бұл тілек желі қолданушыларына екіұдай әсер қалдырды. Кейбірі оның айтқанын өмірлік тәжірибеден туған шынайы кеңес деп қабылдаса, енді бір бөлігі мұндай сөздердің той үстінде айтылуы орынсыз болғанын алға тартты.
Әсіресе, көпшілік алдында жеке сипаттағы ақыл айтқаны сынға ұшырап, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылды. Қолданушылардың бір бөлігі бұл сөздерді «тойға лайық емес» десе, енді бірі сөйлеу мәнері мен мазмұнына қатысты да ескертулер білдірген.
Осылайша, қуанышқа толы ұзату тойы желідегі қызу пікірталасқа себеп болған оқиғалардың біріне айналды.