Контентке өту

Ләйлә Сұлтанқызы Батырханның анасымен кездесті: жүрек тебірентерлік жазба

Ләйлә Сұлтанқызы Батырханның анасымен кездесті: жүрек тебірентерлік жазба
ашық дерек

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесіп, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Журналист өз жазбасында әр адамның ішінде орындалмай жүрген арманы болатынын айтып, бірнеше жылдан бері Батырханның анасының жағдайын сұрамағанына іштей қынжылып жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа жоба басталар алдында арнайы барып, батасын алуды да маңызды санаған.

Кездесу барысында тележүргізуші Батырханның анасы – Дилара Шүкенова туралы жылы лебізін білдірді. Ол ананың әрдайым жинақы, көрікті жүретініне тәнті болғанын айтып, кездесуде ерекше толқыныс сезінгенін жасырмады.

Ләйлә Сұлтанқызы ананың жүрегіндегі сағынышты ерекше атап өтіп, Батырханды дүниеге әкелген ананың тағдырын жүрекпен сезінгендей болғанын жеткізді.

Желіде бұл жазба оқырмандарды бейжай қалдырмай, көпшіліктің жүрегіне әсер етті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты