Атырау облыстық полициясының дерегінше, зардап шеккен оқушылар жеңіл дене жарақатын алған. Алайда оқу орнында суық қарудың пайда болуы ата-аналар мен мұғалімдер арасында алаңдаушылық туғызды.
15 жастағы жасөспірім жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Материалдар білім бөліміне және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл оқиға мектептердегі балалар қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігін тағы да көрсетіп отыр.