Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел адам көшеде агрессивті әрекет танытып, қызды үрейлендірген. Ол тіпті: «Соқыр болғың келе ме?» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Алайда сот отырысында бұл қорқыту сөздері назардан тыс қалып, тек қоғамдық жерде балағат айтқан сәті түсірілген бейнежазба ғана қаралған.
Нәтижесінде күдікті ұсақ бұзақылық бабымен жауапқа тартылып, 85 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Бұл шешіммен жәбірленуші келіспейтінін ашық білдірді. Оның сөзінше, соттан кейін айыпталушының анасы: «Бастысы өлтірген жоқ қой» деп жауап қайтарған.
Оқиғаға қатысты қоғамдық пікір екіге бөлініп, көпшілік мұндай әрекеттерге қатаң жаза қолдану керектігін айтып отыр.