Контентке өту

Луина екінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады

Луина екінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады
ашық дерек

Луина екінші рет ана атанатынын мәлімдеді. Қуанышты жаңалықпен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әнші жариялаған әсерлі видеода алдымен өзінің «Рақмет» әнін орындайды. Кейін кадрларда оның жүкті екені байқалады. Сонымен қатар видеодан жары мен тұңғыш ұлын да көруге болады.

«+1», – деп қысқа жазба қалдырды Луина.

Желіде тараған видеодан кейін әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары жылы лебіздерін жаудырып, ана мен болашақ сәбиге амандық тілеп жатыр.

Айта кетейік, Луина жеке өміріне қатысты жаңалықтарды көпшілікпен жиі бөлісе бермейді. Сондықтан бұл хабар жанкүйерлері үшін күтпеген әрі қуанышты жаңалық болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты