Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай шоу-бизнес өкілдері мен блогерлерге, сондай-ақ БАҚ қызметкерлеріне үндеу жасап, саясатқа жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Журналист әлеуметтік желідегі жазбасында әншілер, блогерлер мен медиа саласының өкілдерінің партия атынан депутат болуға ұмтылуын сынға алды.
«Парламент тарайды, жаңа құрылтай құрылады дейді. “Бәрі жақсы болады” деген әңгімені ести беруден жалықпаймыз… Бір өтініш бар. Әнші, журналист, блогер, квншиктер – лыпылдап жүріп, партия атынан “халық қалаулысы” болуға ұмтылмасаңыздар екен», – деді ол.
Жылқышыбайдың пікірінше, парламент – елдің болашағы мен тағдыры шешілетін аса маңызды мемлекеттік институт.
«Бұл әдемі сөз сөйлейтін студия да, сахна да емес, бұл – мемлекет тағдыры айқындалатын орын», – деп атап өтті журналист.
Оның бұл көзқарасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қолдау тауып, түрлі пікірталасқа себеп болды.