Контентке өту

«Маған түкіруіңе жол бермеймін!»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

«Маған түкіруіңе жол бермеймін!»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті
ашық дерек

Қазақстан шоу-бизнесінде тағы бір даулы жағдай қызу талқыға түсті. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында KeshYOU тобының 20 жылдығына арналған концертке қатыспайтынын мәлімдеген. Әншінің бұл шешімі продюсердің наразылығын тудырды.

Баян Мақсатқызы өз жазбасында былай деп жауап қайтарды:

«Мен саған енді маған және менің сен үшін жасағандарыма түкіруге жол бермеймін. “20 жыл KeshYOU” атты шуды фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Әлде уақыт келді ме, неге ол өз болмысында сатқын екенін айтып беруге? Мен фильмде оның беделін барынша түзеп жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты!»

Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілік екі тараптың да әрекетін талқылап, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысуда.

Әзірге Мөлдір Әуелбекова продюсердің бұл сөзіне қатысты қосымша жауап бермеді. Оқиғаның қалай өрбитіні алдағы уақытта белгілі болмақ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты