Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты көпшілікті толғандырған сұраққа жауап берді. Өнер иесі марқұм жары Заманбек Нұрқаділов өмірден өткеннен кейін не себепті қайта тұрмыс құрмағанын түсіндірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің айтуынша, оған сөз салған азаматтар болмаған емес. Дегенмен, бұл мәселеде анасының ұстанымы шешуші рөл атқарған.
Өнер иесі анасына қайта тұрмыс құру жайлы ойын жеткізген сәтін еске алды. Алайда анасы бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болған.
— «Анам: “Заманбектен артық адам табамын деп отырсың ба? Мен барда ондай әңгімені қозғама” деп қатаң айтты. Содан кейін бұл тақырыпты мүлде қозғамайтын болдық. Ешкімге көңіл бөлмедік, тыныш өмір сүрдік. Анаң тірі кезде өзіңді әлі бала сияқты сезінеді екенсің. Біз де анамыздың сөзін аттаған жоқпыз», — деді әнші.
Бұл пікір желі қолданушылары арасында кең талқыланып, көпшілік әншінің тәрбиесі мен анасына деген құрметіне жоғары баға берді.