Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын өзіне аударды. Ол соңғы уақытта мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген «Маскадағы адамға» қатысты өз пікірін білдіріп, оның кім болуы мүмкін екеніне байланысты болжам жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Белсендінің айтуынша, бұл қайырымды жан Димаш Құдайберген болуы әбден мүмкін. «Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?» деген сауал тастаған ол көпшілікті пікірталасқа шақырды.
Аталған жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Бірқатар оқырмандар бұл пікірмен келісіп, шынымен де әлемге танымал әнші болуы ықтимал екенін алға тартса, енді бірі өз нұсқаларын ұсынып, түрлі болжамдарымен бөлісуде.
Дегенмен, бүгінгі күнге дейін «Маскадағы адамның» кім екені ресми түрде нақтыланған жоқ. Соған қарамастан, қайырымдылық жасап жүрген белгісіз жанға деген қызығушылық күннен-күнге артып, желі қолданушылары оның жеке басын анықтауға тырысуда.