Танымал актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен қарым-қатынасына қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі бұл туралы «Momsкий әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында айтып, жұрт арасында тараған түрлі қауесеттерге қатысты өз пікірін білдірді.
Актрисаның айтуынша, Еркеш Хасен екеуінің жас айырмашылығы сегіз жас. Ерлі-зайыптылар 2024 жылы шаңырақ көтерген. Қазіргі таңда олар Іңкәр есімді қыз тәрбиелеп отыр.
Жанель Серғазина әншімен танысқан кезде оның ажырасқанын және басы бос адам екенін айтқанын жеткізді. Сондай-ақ бұл ақпаратты Еркештің туыстары да растағанын мәлімдеді.
«Еркеш "мен ажырастым, басым бос адаммын" деді. Басы бос адам қайта өмір құра алады, үйленеді. Ол адамның жеке құқығы ғой. Мені туысқандарымен таныстырды. Сол кісілер де ажырасқанын нақтылап айтты. Содан кейін емін-еркін жүре бердім. Көңілі қатты ғашық болғаннан кейін бас қосуға бел будық. Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым. Одан жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын», – деді актриса.
Ол өз сөзінде әлеуметтік желілерде тарап жүрген кейбір пікірлермен келіспейтінін айтып, отбасын бұзды деген айыптауларды жоққа шығарды.
«Үйленген, баласы бар адамның отбасына кіріп, ажыратып жіберді деген өтірік нәрсе. Үшінші адамдардың жеке өмірге кіруі, өсектеуі мәдениеттің төмендігі деп білемін», – деді ол.
Алайда актрисаның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Пікір білдірушілердің бір бөлігі Жанель Серғазинаның ұстанымын қолдаса, енді бірі оның сөздерімен келіспейтінін ашық жазуда.
Қазіргі таңда жұртшылық арасында Еркеш Хасен мен Жанель Серғазинаның отбасы төңірегіндегі талқылаулар жалғасып жатыр.