Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өміріндегі қиын кезеңдер туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі көпшілік оны әрдайым жарқын көңіл-күйде көргенімен, өз өмірінде мұңайып, жылайтын сәттердің де болатынын жасырмады.
- Менің де жылайтын кезім болады. Мен тек сахнада ғана бақыттымын, – деді әнші.
Мақпал Жүнісова өмірдің сан түрлі сынақтары мен қиындықтарына қарамастан, халықтың ықыласы мен қолдауының арқасында бәріне төтеп бергенін айтты. Сонымен қатар ол тыңдармандарына шынайы алғысын білдіріп, өнер жолында қолдау көрсетіп келе жатқан көрерменнің орны ерекше екенін атап өтті.
Әншінің бұл сөзі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оған жылы лебіздерін жолдады.