Контентке өту

«Мені тек миллиардер алып кете алады»: Элизат Берікова Баян Алагөзовамен жұмыс туралы айтты

«Мені тек миллиардер алып кете алады»: Элизат Берікова Баян Алагөзовамен жұмыс туралы айтты
ашық дерек

Элизат Берікова НТК арнасына берген сұхбатында продюсер Баян Алагөзовамен жұмысын жалғастыруға ниетті екенін ашық айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің сөзінше, ол Баян Алагөзовамен шығармашылық жолын соңына дейін бірге өткізгісі келеді.

«Баян маған: мені тек миллиардер ғана алып кете алады, – деді», – деп бөлісті Элизат Берікова.

Бұл сөздер желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік мұны продюсер мен өнер иесінің арасындағы сенім мен кәсіби байланыстың белгісі ретінде қабылдаса, енді бірі әзіл ретінде бағалаған.

Айта кетейік, Элизат Берікова бүгінде қазақстандық шоу-бизнеске жаңа серпін алып келген жас орындаушылардың бірі саналады. Ал Баян Алагөзова талай жұлдыздың бағын ашқан тәжірибелі продюсер ретінде танымал.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты