Контентке өту

«Менің алдымнан өтеді»: Баян Алагөзова Айарудың болашақ жігітіне қойылатын шартты меңзеді

«Менің алдымнан өтеді»: Баян Алагөзова Айарудың болашақ жігітіне қойылатын шартты меңзеді
ашық дерек

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қызы Айарудың жеке өмірі мен болашақ таңдауы туралы пікір білдірді.

Продюсердің айтуынша, қызының болашақ серігінің дүниетанымы мен әлеуметтік ортасы сәйкес болуы маңызды. Ол Айару болашақ жігітін анасымен арнайы таныстырмауы мүмкін екенін, дегенмен оның таңдауы белгілі бір сыннан өтетінін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Айару жігітін менімен таныстырады деп ойламаймын, әрине, сыннан өтеді. Махаббаттарына қарсы болам-болмаймын деп кесіп айта алмаймын. Бірақ Айару әлеуметтік теңсіздіктің күні ертең отбасында үлкен әлеуметтік мәселелерге алып келетінін жақсы түсінеді», – деді Баян Алагөзова.

Ол қызының араласатын ортасы мен қызығушылықтары да болашақ серігін таңдауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Продюсер Айарудың гольф ойнайтынын, әлемнің түрлі музейлерінде болғанын, классикалық әдебиет пен музыканы жақсы білетінін айтты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты