Контентке өту

Мерей Абилова мен Димаш Қашкен екінші рет ата-ана атанбақ

Мерей Абилова мен Димаш Қашкен екінші рет ата-ана атанбақ
ашық дерек

Танымал блогер Мерей Абилова мен футболшы Димаш Қашкен отбасында қуанышты жаңалық. Жұлдызды жұп жақын арада екінші сәбилерін қарсы алмақ, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сүйінші жаңалықты Мерей Абилова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарымен бөлісті. Ол жазбасында:
«Махаббатымызға тағы бір қуаныш», – деп қысқа да нұсқа жеткізген.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас отбасыға ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырушылар олардың шаңырағына амандық, бақыт және жеңіл босану тіледі.

Айта кетейік, жұп бұған дейін де ата-ана атанып, көпшілікке үлгілі отбасы ретінде танылып жүр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты