Контентке өту

Меркі ауданында ірі өрт оқиғасы сараланып, қосымша оқу-жаттығу сабағы өткізілді

Меркі ауданында ірі өрт оқиғасы сараланып, қосымша оқу-жаттығу сабағы өткізілді
Ашық дерек

Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінде жақында «Big Family» сауда үйінде орын алған өрт оқиғасына жан-жақты талдау жүргізілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Іс-шара барысында өртті сөндіру кезінде жеке құрамның атқарған іс-қимылдары сараланып, туындаған жағдайлар мен қабылданған шешімдер талқыланды. Талдау жұмыстарының мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттердің тиімділігін жетілдіру.

Жиынға қатысқан Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразаков жеке құрамға жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру, қызметтік тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілерімен арнайы қосымша сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында арнайы техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалану, төтенше жағдай орындарына жедел жету және техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жан-жақты пысықталды.

Мұндай тәжірибелік және оқу-әдістемелік іс-шаралар өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты