Мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар өмірден өтті. Қаралы хабарды оның анасы Гүлсім Қамиева әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Бұл ақпаратты отбасының адвокаты Инга Иманбай да растады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген кезінде ауыр бас жарақатын алып, комаға түскен болатын.
Ресми мәлімет бойынша, сарбаз дәретханада құлап жарақат алған. Алайда оның ата-анасы бұл нұсқамен келіспей, оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруді талап еткен еді.
Ұзақ уақыт комада жатқан Ербаян кейін есін жиып, емін жалғастыру үшін Түркияға жіберілген болатын. Дегенмен, барлық ем-дом шараларына қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.