Контентке өту

Миллиондардың сақинасы: Айнұр Тұрсынбаева ел алдында саусағындағы бриллиантын шешіп, әншіге ұстата салды

Миллиондардың сақинасы: Айнұр Тұрсынбаева ел алдында саусағындағы бриллиантын шешіп, әншіге ұстата салды

Қазақстандық шоу-бизнес тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көпшіліктің көз алдында күтпеген қадам жасап, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды baq-orda.kz stan.kz ақрапат аенттігіне сілтеме жасап.

Жанболат пен Жазираның отбасылық тойында болған бұл сәт ерекше есте қалды. Кеш барысында Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға қолындағы әшекейлердің бірін таңдауды ұсынған. Наркенже көп ойланбастан ақынның саусағындағы 5 караттық бриллиант сақинаға тоқтаған.

Ең қызығы - Айнұр сол сәтте еш ойланбастан сақинаны шешіп, әншіге сыйға тартқан. Қымбат әшекейдің бағасы да аз емес екені айтылып жатыр, сондықтан бұл әрекет көпшілікті бейжай қалдырмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі мұны нағыз жомарттық деп бағаласа, енді бірі «осындай сыйлықтың астарында не жатыр?» деген сұрақ қойды.

Ал Наркенже болса, бұл сыйлықты үлкен құрметпен қабылдап, Айнұрдың кең пейіліне алғыс білдірді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты