Контентке өту

Мөлдір Әуелбекова елден кетпек: әнші Малайзияға көшетінін мәлімдеді

Мөлдір Әуелбекова елден кетпек: әнші Малайзияға көшетінін мәлімдеді
ашық дерек

Танымал әнші, КешYOU тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова жақын уақытта Қазақстаннан кететінін хабарлады. Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жаңа өмір бастауға дайындалып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Әншінің айтуынша, ол Куала-Лумпур қаласынан пәтер таңдап қойған. “Жайлы қала, мейірімді тұрғындар! Бұйырса, жақында көшеміз” деген жазбасы көпшіліктің назарын аударды.

Мөлдір Әуелбекова – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер иесі. Ол алғаш рет SuperStar.kz жобасы арқылы танылып, кейін “КешYOU” тобының құрамында үлкен сахнаға жолдама алды. Уақыт өте келе жеке шығармашылыққа бет бұрып, тыңдарманға бірқатар хит әндер ұсынды.

Сонымен қатар, әнші кино саласында да бағын сынап, “Ғашық жүрек” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Өнердегі еңбегі үшін 2018 жылы мемлекеттік марапатқа ие болды.

Желі қолданушылары әншінің бұл шешімін қызу талқылап жатыр. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі оның елден кету себебіне қызығушылық танытуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты