Контентке өту

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы енесі алғаш рет үн қатты: «Немеремізді көрсетпей қойды»

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы енесі алғаш рет үн қатты: «Немеремізді көрсетпей қойды»
Ашық дерек

Қазақстандық танымал әнші, Мөлдір Әуелбекова туралы тың мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әншінің бұрынғы енесі алғаш рет ашық сұхбат беріп, көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты, деп хабарлайды sn.kz ақпараттық порталы. 

Арыстанның анасының айтуынша, Мөлдір мен ұлы кезінде бір-бірін шын сүйіп, отбасын құрған. Алайда уақыт өте келе араларында түсініспеушілік пайда болып, екі жас екі жаққа кеткен.

Сонымен қатар ол ажырасқаннан кейін немересін көре алмай жүргенін айтып, ішіндегі ренішін де жасырмады.

“Мөлдір түрлі сұхбат береді, бірақ бұл жайлы ештеңе айтпайды. Немеремізді көрсетпей қойды. Тіпті “әкемнің үйі проходной двор емес” деген кезі болды”, – дейді ол.

Бұрынғы енесі әншіге ешқандай жамандық жасамағанын, керісінше келін ретінде жақсы қабылдап, олардың арақатынасына араласпауға тырысқанын жеткізді.

Сондай-ақ ол бұған дейін айтылған кей пікірлерге де тоқталды.

“Мөлдір “әпкесі мен шешесі күн бермеді” деп айтты. Бірақ онда неге екінші күйеуімен де ажырасты?” – деп пікір білдірді Арыстанның анасы.

Желі қолданушылары бұл сұхбаттан кейін екіге бөлініп, бірі бұрынғы ененің сөзін қолдаса, енді бірі Мөлдір Әуелбекованы жақтап пікір қалдыруда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты