Контентке өту

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 30 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде  9000 астам адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

Жамбыл облысы

  • Жамбыл, Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарында
  • 8 бұлақ тазартылды.
  • Қатысқандар саны: 845 адам

Жетісу облысы

  • 7 бұлақ тазартылды
  • Жұмыстар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу және Панфилов аудандарында жүргізілді.
  • Қатысқандар саны: 617 адам

Алматы облысы

  • 6 бұлақ тазартылды
  • 5 жағалау аумағы абаттандырылды
  • Жұмыстар Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында, сондай-ақ 5 жағалау аумағында (Іле, Қаскелең, Түрген, Күрті өзендерінің және Қапшағай су қоймасы) жүргізілді.
  • Қатысқандар саны: 1500 адам

Түркістан облысы

  • 6 бұлақ тазартылды
  • 8 су нысаны тазартылды
  • Жұмыстар Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Түлкібас аудандарында, сондай-ақ Кентау қаласында жүргізілді.
  • Қатысқандар саны: 1300

Шымкент қаласы

  • 1 бұлақ тазаланды
  • Абай ауданы, Бөржар бұлағы
  • Қатысқандар саны: 120 адам

Қызылорда облысы

  • 2 бұлақ тазартылды
  • 6 өзен арнасы тазартылды
  • Жұмыстар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жүргізілді.
  • Қатысқандар саны:4850 адам

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты