Контентке өту

Мөлдір Мұқан қызының қуанышында: подиумдағы видео желіні тәнті етті

Мөлдір Мұқан қызының қуанышында: подиумдағы видео желіні тәнті етті
ашық дерек

Көпбалалы ана Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде қыздарымен бірге түскен видеосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Белгілі болғандай, бұл сәт ерекше себеппен түсірілген. Мөлдірдің екінші қызы Айым подиумға шығып, сән көрсетіліміне қатысқан. Анасы қызына қолдау білдіру үшін арнайы барып, сол жерде бірге подиумда видео түсіріп  жүріп өткен.

Видеода Мөлдір мен қыздарының сахнадағы сенімді жүрісі, өзара үйлесімі көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Бұл көрініс көпшілік үшін тек сән әлеміндегі сәт емес, ана мен қыз арасындағы қолдаудың жарқын үлгісі ретінде қабылданды.

Желі қолданушылары бірден пікір білдіріп, Мөлдірге жылы лебіздерін жаудырды. Әсіресе әйелдер қауымы оның қайсарлығы мен аналық қолдауын жоғары бағалап отыр.
Пікірлер арасында:
«Мөлдір, мойыма, сен мықтысың!»
«Қыздарыңа керемет қолдау көрсетіп жүрсің»
«Керісінше жарқырай түстің»
деген сөздер жиі кездеседі.

Көпшілік бұл жағдайды «әйелдер арасындағы шынайы қолдау», яғни «женская солидарностьтың» көрінісі деп бағалады. Өнердегі қыз-келіншектердің бір-біріне демеу болуы – қоғамдағы маңызды құндылықтардың бірі екені тағы да байқалды.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқан – танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары. Соңғы уақытта оның жеке өмірі жиі талқыланып жүргенімен, бұл жолы көпшілік назарды оның ана ретіндегі қолдауы мен тұлғалық мықтылығына аударды.

Осылайша, Айымның подиумдағы өнер көрсетуі анасының қолдауымен ерекше мәнге ие болып, әлеуметтік желіде жылы пікірлерге себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты