Контентке өту

Мұғалімдерге сүйінші: ОЗП тесті тоқтатылды

Мұғалімдерге сүйінші: ОЗП тесті тоқтатылды
ашық дерек

Қазақстан мұғалімдері үшін жағымды жаңалық жарияланды. ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтерге қатысты маңызды өзгерісті мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен педагогтердің пәндік білімін бағалау (ОЗП) тесті ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.

Аталған шешім ұстаздар қауымы үшін үлкен жеңілдік ретінде қабылдануда. Себебі ОЗП тесті педагогтердің кәсіби деңгейін бағалаудың негізгі құралдарының бірі болып келген еді.

Жаңа өзгеріс білім беру жүйесін жетілдіруге және мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде педагог мәртебесін арттыру, олардың еңбек жағдайын жақсарту бағытында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді. Бұл шешім де сол бастамалардың жалғасы ретінде бағалануда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты